astana-view

ШҚО кәсіпкерлер палатасы жастарға жұмысқа орналасуға көмектеседі

2014 жылғы 08 Сәуір
3170 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасы «Жастар-Ауылға» жобасы аясында жастарды жұмысқа орналастыруға және ауылда еңбек етуге тарту мақсатында кеңес беруде, деп хабарлайды BNews.kz ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бұл Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы» Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асырудағы ортақ жұмысымыз деуге болады. «Нұр Отан» партиясы үшін де, «Жас Отан» жастар қанаты үшін де солай. Енді оған Кәсіпкерлер палатасы қосылып отыр. Біздің күш біріктіруіміз айтарлықтай тиімді болады», - деген сенім білдірді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков. 

Палата сарапшылары «Кеңес орталығында» жұмысқа кірісіп кетті. Мұнда кез келген адам келіп, бизнес ашуға бағытталған барлық мемлекеттік және салалық бағдарламалар жөнінде толық ақпарат ала алады. 

Мамандар кадр іріктеуге, жастардың құқықтық мәдениет деңгейін және заңнан сауатын көтеруге көмектесіп жатыр. 

«Біз ауылдағы жас кәсіпкерлердің біріне құрылыс мамандығы бойынша тәжірибеден өтушілерді іріктеу бойынша кеңес беріп үлгердік. Енді «Жарас» МК директоры құрылыс жұмыстарына өңір студенттерін тартпақ. Студенттер үшін жұмыс табылса, кәсіпкерге маманға қол жеткізіп отыр», - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлер палатасының өкілі Вера Бартужис.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер