astana-view

Кәсібін жаңадан бастаушыларға семинар-тренинг өтті

2014 жылғы 08 Сәуір
3285 просмотров

Аймақтық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен болашақ кәсіпкерлерге семинар сабақ ұйымдастырылыды. Бес күнге созылған шараға облыстың түкпір-түкпірінен келушілер көп болды.

«Бизнестің жол картасы», несиелер, субсидиялау, мемлекеттік грант тағысын тағы. Осыдан он жыл бұрын мұның бірі де болаған. Қазір мемлекет кәсіп қыламын деушілерге бар жағдайды жасап отыр. Соның ішінде кәсібін жаңа бастаушыларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Ал, тегін кеңес беріп, семинар тренинг өткізу соның бастамасы.

Вера Котович - бизнес жаттықтырушы

Әр адамның өз стратегиясы болады. Ал, соны жүзеге асыруға біз көмектесеміз. Семинардың бірінші күні мен бүгінгі күннің айырмашылығы жер мен көктей. Қатысушылар білімдерін толықтырды. Олар қолдарынан не келетінін, кімнің қандай мүмкіндігі бар екенін түсінді. Қазір бір-бірімен еркін пікір таластыра алады. Тіпті осы жерде-ақ бір-бірімен келісім жасауға болады. Өйткені, бизнес жолында олардың өзара ынтымақтастығы маңызды болмақ.

Семинарға қатысушылар дәріс тыңдаумен шектелген жоқ. Олар өз жұмыстарын қорғап, жобаның өндірісті өңірге ауадай қажет екендігін дәлелдеуге тырысты.

Педагогика саласында 10 жыл еңбек еткен Гүлнар Қапаева бұл мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысқан. Ойындағы арманын жүзеге асыру мақсатында осында келіпті. Қаржыгер мен заңгер маман дайындайтын орталық ашуға семинардың септігі мол дейді.

Гүлнар Қапаева - семинарға қатысушы

Бұл сертификатты алу үшін еңбектенесің. Айырмашылығы жобаңды қорғап шығуың қажет. Курстың жаңашылдығы да осында. Мұнда көп нәрсені үйрендік.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы болашақта мұндай семинар сабақтарды жиі өткізіп тұруға ниетті.

Дерекнамасы: Қазақстан-Ақтау


Еншілес ұйымдар

Серіктестер