astana-view

АРАЛДА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

2014 жылғы 08 Сәуір
2695 просмотров

Аралда Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының филиалы ашылады. Аудан кәсіпкерлерімен кездесуде палата директоры Дінмұхамед Әбсаттаров осылай мәлімдеді.

Филиал 5-10 шақты тұрғынды жұмыспен қамтып, саладағы мемлекеттік бағдарламаларды халыққа кеңінен түсіндіретін болады. Кеңес беру, бизнес жоспар құру сынды жұмыстарға тікелей араласып, кәсіпкерлерге қолдау көрсететін болады.

«Кездесуге қатысушылар шағын және орта бизнес ашуда кездесетін алғашқы кедергілер мен кейбір заң талаптарындағы кемшін тұстарды ортаға салды. Одан соң Дінмұхамед Әбсаттаров оларды жеке мәселелері бойынша қабылдады», - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Дерекнамасы: kyzylorda-news.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер