astana-view

ШОБ-ті тексеруге мораторий жүргізу кәсіпкерлердің ерікті түрде әрекет етуіне бастама болады – ҚР Бас прокурорының орынбасары А.Кравченко

2014 жылғы 09 Сәуір
2504 просмотров

Шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий кәсіпкерлердің ерікті түрде әрекет етуіне бастама болады. Бұл туралы Бас Прокуратура мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқын қорғау бойынша видеоконференция барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді.

«Президенттің Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытуда жағдайларды жақсарту бойынша түбегейлі шаралар туралы Қаулысы 2014 жылдың 2 сәуірінен бастап күшіне енді. Аталмыш Қаулыға сай, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жасауға тыйым салынды. Жекелеген заңнамалық нормаларды ескере отырып және ережені тәжірибеде қолдануды есепке ала отырып қазірдің өзінде өңірлердегі орталық атқарушы органдар деңгейінде аталмыш Қаулыны қалай іске асыруға қатысты белгілі бір сауалдардың бары рас», - дейді А.Кравченко.

Бас Прокурор орынбасарының айтуынша, мораторийдің заңды күшіне енгеніне қарамастан ол кәсіпкерлердің ерікті түрде қызметіне бастама болады.

«Қазіргі таңда барлық кәсіпкерлер Мемлекет басшысы тарапынан қолға алынған осынау бастаманы теріс пиғылда пайдаланбай, мораторийді теріс мақсатта қолдана отырып халыққа кесірін тигізбеуі және құқық бұзушылыққа жол бермеуі маңызды. Тек заңды жұмыс істеп мемлекеттің талаптарын орындайтын кәсіпкерлік қана қорғауға алынуы керек», - дейді ол.

Жалпы, шарада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлерде кәсіпкерлердің құқына байланысты белгілі бір қатынастар саласын реттейтін заң нормаларының жоқтығына байланысты сараптама нәтижесі алға тартылып, кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі жер телімдерін мақсатты белгілеуді өзгерту мәселесінің түйінді тұстары мен мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау органының тарапынан салынған заңсыз айыппұл мен қаржы полициясының сұрауы негізінде салық органдары тарапынан берілетін заңдық негіздемелер мәселесі талқыланды.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер