astana-view

Шығыс Қазақстан облысының қаржы полициясы кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға дайын

2014 жылғы 10 Сәуір
2900 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының қаржы полициясы кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға дайын. Осы мақсатта олар облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. 

Қаржы полициясының өкілдері, алдымен кәсіпкерлерді қолдауға арналған жобаларымен таныстырды. Мәселен, қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс тәртібі жетілдіріліпті. Яғни, тек қылмыстық деректері бар арыздар ғана қаралады. Салада «кезекші офицер» атты  институт енгізілген. Арыздарды саралау - осы институттың құзырында. Баспасөз мәслихатына қатысқан Кәсіпкерлер палатасы да бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді. 

Жалпы өткен жылы кәсіпкерлікке кедергі жасау фактісі бойынша 13 қылмыстық іс қозғалып, 18  адам жауапкершілікке тартылыпты. Жалпы кәсіпкерлер де, қаржы полициясының өкілдері де айып тағылған кәсіпкерлерді сотқа дейінгі кепілдікке шығару туралы шешімнің аса оңтайлы екендігін айтуда. 

Бәделхан Камалханұлы, ШҚО қаржы полициясы департаментінің басшысы:
- Біз ойламыз бұл өте оңтайлы, өйткені қылмыстық істе келтірілген шығынды, сол бостандықта жүрге кезінде, келтірілген шығынды орнына құяды. Барлығы сот мөлшерімен. Сондықтан, оң пайдасы бар. 

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер