astana-view

KAZNEX INVEST компаниясы Ұлттық кәсiпкерлер палатасының басқарылуына өтедi

2014 жылғы 10 Сәуір
2226 просмотров

KAZNEX INVEST компаниясын Ұлттық кәсiпкерлер палатасы мен  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi бiрлесiп басқаратын болады.

Бұл туралы бүгiн Астанада "Қазақстандық өнiм жасаймыз" атты V форумда ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлiм еттi.  "1 шiлдеден бастап, KAZNEX INVEST компаниясы бiзбен және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiмен бiрлесiп басқарылатын болады. Акциялардың 50 пайызы сенiмдi басқаруға берiледi. KAZNEX INVEST-тiң бiз менеджментiн қалыптастырып, сiздердiң талаптарыңызға сай жасай аламыз. Отандық тауарларды сату нарықтарын кеңейтемiз", - дедi ол. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер