astana-view

А.Мырзахметов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмыс істеп жатқан басты бағыттарын атады

2014 жылғы 11 Сәуір
2243 просмотров

Бүгін Ұлттық инвесторлар кеңесінде ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов палата жұмыс істеп жатқан басты бағыттарды атады.

«Еліміздің барлық аймақтарында 16 өңірлік палаталар ашылды, олардың әрқайсысында 20 адамнан жұмыс істейді. Болашақта мүмкіндігімізге орай ірі қалалардағы жұмысшылар санын 40-50-ге дейін жеткізбекшіміз. Орталық аппаратта 16 комитет ашылды, оның 14 сала бойынша, олардың барлығына ҮИИД бағдарламасында басымдылық берілген. Бұдан басқа жалпы функционалды 2 комитет жұмыс істейді. Біз аудандық филиалдарды құра бастадық. Тіпті, 130 аудан орталықтарында олар ашылып та қойылды. Сонымен қатар, аталмыш филалдардың жанынан мемлекеттік қолдаудың қыр-сырын үйрететін жүйелік орталықтарды ашпақшымыз», - деп А. Мырзахметов атап өтті.

Бұдан басқа ол, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмыс істеп жатқан басты бағыттарын атады.

«Біз оларды стратегияны жүзеге асыру және Үкіметтің жұмыс бағытына сәйкес болуы үшін 5 топқа топтастырдық. Біріншісі  - ол ҮИИД, бастысы бізге экономика құрылымын өзгерту, яғни шикізаттық экономикадан әртараптандырылған экономикаға көшуіміз керек. Басты міндет индустрилизацияны өткізіп, жаңа салаларды дамыту. Сонымен қатар, аймақтық кластерге де басымдық берілген, орта бизнесті жұмысқа тарту өте маңызды. ҮИИДМБ шеңберінде біз бизнес бастамаларды тартып, кедергілерді шешеміз.

Екіншіден шағын және орта бизнесті жалпы қамту. Мұнда кешенді мәселелердің үлкен блогы бар, олардың әрқайсысы бойынша жүйелі шаралар қабылданған.

«Бүгінде «Даму» бағдарламасы бойынша  1,6 млрд. теңге Үкіметтің жарлығы шыққан соң бізге беріледі. Осы ретте біздің аймақтық филиалдарымыз тығыз және тиімді жұмыс істеп, аталмыш 1,6 млрд. теңгені бизнестің қажеттіліктеріне жарататын болады. Үшінші басымдылық - ауыл. Халықтың 40% сонда тұратын болғандықтан, біз шоғырландыру мәселесін жеке басымдық түрінде бердік», - деп ол толықтырды.

Төртінші басымдылық - ол экономика мен бизнес үшін кадр. Бұл мәселеде біз неміс мектептерінің тәжірибесі бойынша жұмыс істей бастадық. Бүгінде 900-ден астам кәсіпорын өз келісімдерін берді. Кәсіби қайта машықтау тәжірибесін жақсылап дамытпақпыз, яғни жастар оқу орындарына диплом алу мақсатында  бармауы үшін оларды мектеп қабырғасынан бастап бейімдемекпіз.

Бесінші басымдылық  - заңнамамен жұмыс істеу барысын жетілдіру. Бұл әлемдік палаталардың тәжірибесіндегі маңызды мәселе.  Осыған байланысты проблемалардың электронды реестрін аштық, қазіргі таңда 90 өзгерту қабылданды. 

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер