Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕЭО туралы келісімшарттың барлық тараулары бойынша бизнес-қоғамдастықтың ортақ ұстанымын таныстырды
Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың тараулары бойынша бизнес-қоғамдастық жасаған ұсыныстардың көбісі қазақстандық тараптың ресми ұстанымы ретінде қабылданды. Енді осы ұсыныстар үшжақты форматтағы келіссөзде таныстырылады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жылдың басынан бері қауымдастықтар мен өңірлік кәсіпкерлердің қатысуымен 30 шақты жұмыс бабындағы кеңес өткізіп, олардың барысында қайсыбір тараулар бойынша ұстанымдар әзірленді. Осы жұмыстың нәтижесінде Палата Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың барлық тараулары бойынша бизнес-қоғамдастықтың ортақ ұстанымын жинақтады және таныстырды. Бизнес-қоғамдастық ұсыныстарының басым көбісі қазақстандық тараптың ресми ұстанымы ретінде қабылданғанын және олардың үшжақты форматтағы келіссөзде қаралатынын енді айта аламыз», - деді ол.
«Келісімшарт көлемді, қазіргі редакциясы 750 беттен тұрады. Біз сонымен қатар, әріптестерімізбен, Ресей және Беларусь бизнес-қоғамдастықтарымен тығыз байланыста жұмыс істедік. Біз бизнес-диалог құрдық, ол Ресей, Беларусь, Қазақстанның үлкен қауымдастықтары мен Еуразиялық экономикалық одақтың арасындағы төртжақты келісім. Бұл біз белсенді жұмыс істеп отырған диалог алаңы», деп түйіндеді өз сөзін Р.Ошақбаев.
Дерекнамасы: ortcom.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: