astana-view

Қазақстан бизнес-ахуалда айтарлықтай беделге ие - Р. Ошақбаев

2014 жылғы 11 Сәуір
2410 просмотров

Отандық кәсіпкерлер үшін Еуразиялық экономикалық одақ құрудың артықшылықтары туралы ОКҚ брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев айтып берді.

«1-қаңтардан бастап барынша жетілдірілген нормативтік-құқықтық базаға ие боламыз, және өкілеттіктеріміз де кеңейе түседі. Оның үстіне, комиссия органдарының алдында тең құқықты болуы жөнінде принципті мәселе қойып отыр. Бұл тек министрлер деңгейінде ғана емес, сонымен қатар департаменттер директорлары мен олардың орынбасарлары деңгейінде де», - деп атап өтті ол.

Осы жылдың мамыр айында 2015-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.

«Қазіргі жүүзеге асырылып жатқан негізгі пайда – бұл 170 млн адамдық ортақ тұтыну нарығын құру, ал бұл біздің жалғыз ұлттық нарығымызға қарағанда 10 есе тартымдырақ», - деді Р. Ошақбаев.

Р. Ошақбаевтың айтуынша, барлық сарапшылар мойындап отырғандай, Қазақстан бизнес-ахуалда айтарлықтай көшбасшылық беделге ие.

«Бізде салық төмен, жекеменшік құқығы жақсы сақталады, реттеушілерімізде анағұрлым қолжетімдірек. Жалпы алғанда, кез-келген кәсіпкерлік субъектісі, егер онлда қандай да бір проблема туындай қалса, өз ұсыныстарын Үкіметке жолдай алатындай заңмен қорғалған мүмкіндіктері бар, ал Үкімет өз кезегінде оны барлық мүмкіндіктерді пайдаланып шешетін болады. Мұндай жағдай Беларусияда да,Ресейде де жоқ. Осылайша, бізде салауатты бәсекелестікте жеңіске жетіп, өзімізге барынша мол инвестиция тартуға мүмкіндігіміз көбірек», - деп аяқтады ол сөзін.

Дерекнамасы: ortcom.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер