astana-view

Ұлттық инвесторлар кеңесі

2014 жылғы 12 Сәуір
2338 просмотров

Отандық бизнесті өркендетпей, елде тұрақты өсімге қол жеткізе алмаймыз. Бүгін Ақордада өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. Президентке отандық бизнесті өркендету жолында атқарылған іс-шаралар жан-жақты баяндалды. Елімізде еңбеккке жарамды 2,6 млн халық шағын және орта кәсіптен нәсіп тауып жүр. Президент олардың қатарын одан әрмен арттыруға қежетті бірқатар тетіктерді атады. Мемлекет бизнеске тексеріс жүргізуге уақытша тыйым салды, Ұлттық қордан бөлінген 1 трлн теңгенің 100 миллиарды кәсіпкерлікке, 250 миллиарды несиелеуге бағытталмақ.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Барлық жағдай жасалып отыр. Мемлекет тарапынан қаржы бөлініп жатыр. Тексерудің мәселелерін төмендетіп жатырмыз. Енді халыққа қызмет істеңіздер. Мемлекет қоржынына бизнестен түсетін қаржы көбею керек жыл сайын. Алдымен санын көбейту керек. Көп халық сол жерде жұмыс істейтін болсын. Өзін-өзі асырайтын болсын. яғни халықты жаппай бизнеске тартатын болайық.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев  "капиталға рақымшылық жасау" заң жобасын енгізуді ұсынды. Үкімет өз кезегінде бұл активтердің тәркіленбейтініне кепілдік береді. Елбасы Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесе отырып, 1-ші маусымға дейін тиісті құжатты дайындауды тапсырды. Бұған қоса бизнесті жекешелендірудің екінші толқынына тиімді араласа білу жайын атады. Капиталға рақымшылық жасау- әлемдік тәжірбие. Халықтың табысын рәсімдеу науқаны елімізде 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан басталмақ. Маман даярлауға мықтап мән беріп, дуалды оқыту жүйесін қатар алып жүруді қаперге салды. Әлі күнге дейін 3 млрд доллардың азық-түлік өнімін сырттан әкелеміз. Ендеше оны да ауылда өндірудің қолымыздан келетінін мысал етті.  

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Өз арамызда жиналып қалған мәселелер көп. Соларды бағдарламаларымызда қамтимыз. Ең бастысы, шағын, орта бизнес, тамақ саласы, ауыл шаруашылыққа осы салаларға көңіл бөлінеді, көбіне. Уақыт көрсетеді, көп создырмаспыз. Тапсырмалар нақты берілді.

Қорыта айтқанда Елбасы отындық бизнестің бар мүддесін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы барынша қорғай білу қажеттігін жеткізді. 2016 жылға дейін бизнесті жүргізу рейтингісі бойынша 30 елдің қатарына кіруді тапсырды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Сіздер Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бері менің қасымда келе жатырсыздар. Барлықтарыңызды мен жақсы білемін. Өсу жолдарыңызды жақсы білемін. Біз нарықтық экономика құруды армандадық. Бизнесті көтеруді армандадық. Енді міне бүгін біз сіздерді қазақстандық инвесторлар деп санаймыз. Жай ғана бизнесмен емес. Мен соған қуаныштымын. Жақсы серпіліс жасадық. Бұл үшін Ұлттық палата да, Үкімет те бірлесіп жұмыс жасауын тоқтатпау керек. 

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер