astana-view

Биыл қазақстандық көлік өндірушілер Ресей нарығына шыға алады - Р.Ошақбаев

2014 жылғы 11 Сәуір
2308 просмотров

Биыл ІІ жартыжылдықтан бастап қазақстандық автоөндірушілер ресейлік нарыққа шығатын мүмкіндікке ие болмақ.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті.

Р.Ошақбаевтың айтуынша, қазақстандық автоөндіріс Беларусь пен Ресей нарықтарында оңтайлы бәсекелесе алатын үлкен ойыншыларға айнала алады. Себебі біздің елдегі мемлекеттік тетіктер өте жақсы шешімін тапқан.

«Алматыда құрастырылатын «Hyundai» автобустары туралы бірнеше рет айтқан да едік. Былтыр Қазақстанда құрастырылған 2,5 мың автобус, Беларусь Республикасына жеткізілген болатын. Бұл Калининградта осындай автобустар шығаратын ресейлік зауыттың барына қарамастан орын алуда. Өйткені біздің өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылау», - дейді ол.

«Енді Ресей нарығын жаулауға үлкен мүмкіндіктер бар. Осыдан 2 апта бұрын ғана біздің өнеркәсіптік құрастыру режимінің Ресейде қабылдануы туралы келісімге қол жеткізілді», -деді ол.

Оның атап көрсеткеніндей, ағымдағы жылдың ІІ жартысынан бастап біздің «Азия Авто», «СарыарқаАвтопром» және «Астана моторс» сияқты компаниялар Ресейге көлік экспорттай бастайды.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер