astana-view

Қазақстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық сотқа тікелей шағым түсіре алуы мүмкін

2014 жылғы 11 Сәуір
2459 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық сотқа тікелей шағым түсіру құқығына ие болуы ықтимал.

Бұл туралы бүгін палата басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті.

«Болашақта көптеген қарама-қайшылықтарға әкелетін даулар туындауы заңды, осы тұрғыда біз сотқа шағымдануымызға тура келеді. Сондықтан біз Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясына және Қазақстан Үкіметіне Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Еуразиялық экономикалық сотына тікелей арыз-шағым түсіру құқығын беру туралы ұсынысымен шығып отырмыз», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жекелеген кәсіпкерлерде сотқа шағым жазуға және барлық заңнаманы жинауға уақыты да, қаражаты да жоқ. Соған байланысты отандық бизнес субъектілері Беларусь және Ресей кәсіпкерлерінің кейбір іс-әрекеттеріне төтеп бере алатын болады.

«Бәсекелестік барысында адалдық танытпайтын «пайдақұмар кәсіпкерлердің» мәселесін шешудің тетігі бар. Шартта ЕЭО-дағы бәсекелестіктің принциптері мен ережелері деген бөлім бар. Бұл бөлім комиссияға трансшекаралық нарықтағы бәсекелестікті қадағалау құзырын береді. Егер адал емес бәсекелестік байқалатын болса, олар тергеу жұмыстарын жүргізе алады. Экономика салаларына келген шығынды анықтаудың критерийлері бар. Егер сондай шығын анықталатын болса, Қазақстан сол шығынның орнын толтыруға өтемақы талап ете алады», - деді ол.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер