astana-view

Еуразиялық экономикалық кеңістікте Қазақстан бизнес климат жағынан озық тұр - ҰКП

2014 жылғы 11 Сәуір
2276 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстанның шағын және орта бизнесі қарыштай түседі, деп есептейді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.

«Біз экономикалық ықпалдастықтың белсенді жақтаушыларымыз. Оны құру барысында біз ҚР Үкіметіне бизнестің құқықтарын сақтауға бағытталған ұтымды тетіктерді ұсынып келеміз. Ықпалдастыққа күмән келтіруге болмайды. Оның ең басты пайдасы - біздің кәсіпкерлерге 170 миллиондық нарық ашылады. Ол біздің нарыққа қарағанда, он есе үлкен», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл әріптестікте Қазақстанның позициялары өте ұтымды.

«Қазақстан Ресей мен Беларусь елдеріне қарағанда, бизнес климат жағынан озық тұр, оны  көптеген сарапшылардың өздері  мойындады. Бізде салық деңгейі төмен, жеке меншік құқықтары қатаң сақталады, біздің регуляторлар бірнеше есе қолжетімді. Біздің заңнама бойынша, кез келген кәсіпкерлік субъектісі Үкіметке өз ұсынысын жолдай алады. Мұндай тәжірибе Ресейде де, Беларусьта да жоқ. Сондықтан Қазақстан бұл елдерге қарағанда, Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікке төтеп бере алады, сонымен қатар елге инвестициялар мен кәсіпкерлерді тарта алады.  Сондықтан ықпалдастықтан түсетін экономикалық пайданы біз жоққа шығармаймыз», - деп атап өтті ол.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер