astana-view

ШОБ интеграциялық үрдістегі мүмкіндіктері

2014 жылғы 11 Сәуір
2469 просмотров

Еуразиялық экономикалық Одақ отандық тауар өндірушілердің жұмысына серпін беріп, экономикамыздың қарқынын еселей түсуге жол  ашады. Журналистермен кездесу барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев осылай деп мәлімдеді.  Оның айтуынша біріншіден нарықтың көлемі 10 есеге артып, 170 млн. халықты қамтиды.  Ресей мен Беларусқа қарағанда Қазақ елінде бизнеске қолайлы орта қалыптасты. Салық мөлшері аз, кәсіпкерлердің ісін  өрге бастыруға биліктің өзі мүдделі. Ал бұл көршілес елдерден инвестиция ағынын арттырып, шетелдік кәсіпкерлерді қазақ жеріне тартуға ықпал етеді. Тиісінше жаңа жұмыс орындары ашылып,  еліміздің әл-ауқаты арта түспек.  Әсіресе көлік саласының мүмкіндігі зор дейді мамандар.

Рахым ОШАҚБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ  БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Алматы іргесінде құрастырылатын «Hyundai» автобустары туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз. Былтыр Қазақстанда құрастырылған  екі жарым мың автобус, Калининградта дәл осындай өнім шығаратын ресейлік зауыт орналасқанына қарамастан, Беларусь Республикасына жеткізілген болатын, себебі біздің өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылау болып тұр. Ағымдағы жылдың ІІ жартысынан бастап біздің «Азия Авто», «СарыаркаАвтопром» және «Астана моторс» сияқты компаниялар Ресейге белсендірек автокөлік экспорттай бастайды деген үміттеміз.

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер