astana-view

ҚР ҰКП күзге қарай «Кәсіптік –техникалық білім беру туралы» Заңды дайындайды

2014 жылғы 12 Сәуір
2609 просмотров

«Кәсіптік –техникалық білім беру туралы» Заңды дайындауды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынып отыр. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Ұлттық палата төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

«Бізде еі алдымен «Кәсіптік –техникалық білім беру туралы» Заңды  қабылдау қажет. Қазіргі таңда нақты кім немен айналысып жатқандығы туралы заңнамалық база жоқ. Тек қана «білім беру туралы» Заң ғана жұмыс істеуде. Кәсіптік білім берудің жүйесін қарастыру қажет. Бұл министрліктегі шағын департамент болып есептеледі. Бұл заңда қызметкердің міндеті ғана емес, жұмыс беруші өзінің қажеттілігін көрсете алуы тиіс»,-А. Мырзахметов.

Екіншіден, оның айтуынша, бүгін ешкімнің атына еңбек нарығының саратамасы бекітілмеген.

«Нақты үйлестіру жұмыстары жасалып, миграцияны ескере отырып еңбек ресурсы балансын сақтау, болжам, сауалнама жүргізу жұмыстарымен айналысатын тиісті құзіретті органды анықтау керек. Үшіншіден, жұмыс берушілердің қызығушылықтарын арттыру үшін нақты преференция жазу керек. Яғни жұмыс берушіні ынталандыру қажет. Қазір жұмыс қолмен жасалуда. Біз алдағы екі-үш айда аталмыш заң жобасын дайындап, күзге қарай енгізбекшіміз», - дейді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, Мырзахметов дуалды оқытудан бөлек мектептердегі кәсіби бағыттаудың да маңызды екенін еске салды.

«Мысалға, Германияда білім беру жүйесі былай: алтыншы сыныптан бастап оқушылар бір бағытқа бейімделіп, кейін арнайы мамандандырылған мектептерде оқып, сосын кәсіпкерліктерге араласады», - дейді ҰКП басқарма төрағасы. 

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер