astana-view

ОКҚ: А.Мырзахметов Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысымен таныстырды

2014 жылғы 12 Сәуір
2271 просмотров

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы туралы әңгімелеп берді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше өткен Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап табысты жаппай жариялау енгізілетінін, ал одан кейін шығыстарды жаппай жариялау процесі басталатынын мәлімдеді. Осыған орай, Президент Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, капиталды амнистиялау туралы заң жобасын әзірлеуді және оны биылғы 1 маусымға дейін қарауға енгізуді тапсырды.

«Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарты бойынша дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырмыз. Сондықтан да осының қарсаңында капиталды амнистиялау туралы жарияланды. Бұл барлық азаматқа қатысты. Біздің мұндай тәжірибеміз бар, және жақын арада Үкімет осы заңның жобасын жариялап, жұртшылықтың талқысына ұсынуы мүмкін», - деді А.Мырзахметов өз сөзінде.

«Мемлекет басшысы аталмыш заң жобасын маусым айына дейін талқылап, қарауға енгізуді тапсырды», деді А.Мырзахметов өз сөзінде.

Дерекнамасы: ortcom.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер