astana-view

ЭКСПО-2017 көрмесінде отандық компаниялар басымдықтарға ие болады

2014 жылғы 12 Сәуір
2496 просмотров

Кеше Ақордада өткен Ұлттық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Президент Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің отандық кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндіктер ашатынын атап көрсетті. Және «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы мен Кәсіпкерлер палатасына көрмені дайындауға бизнесті қатыстырудың арнайы бағдарламасын бірлесіп әзірлеу туралы тапсырма берді.

Ал бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жоғарыдағы міндетті іске асыру жөніндегі шаралармен таныстырды.

«Өздеріңіз білесіз, бұл жобаға (ЭКСПО-2017 –автордың түсіндірмесі) шамамен 4 млрд. долларды4 инвестициясы салынғалы отыр. Инфрақұрылымдар, ғимараттар мен құрылыстар салынады. Біз ЭКСПО ұлттық компаниясының басшылығына алдын-ала хат жолдадық. Енді бұл жұмыс серпін алады»,-деп атап көрсетті А.Мырзахметов өз сөзінде.

А.Мырзахметовтің айтуынша, бөлінетін қаржыға қатысты мәселелерді Ұлттық кәсіпкерлер палатасыегжей-тегжей талқыламақ.

«Біздің міндетіміз мониторинг жасау, кері байланысты және жобаға отандық компаниялардың қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Әрине, ЭКСПО-ға қатаң талаптар қойылатыны түсінікті. Стандарттар өз деңгейінде болуы керек, біз оны түсінеміз. Бізде лайықты компаниялар баршылық. Олар іріктеуден өтеді. Кемсітушілікке жол берілмес үшін, отандық компаниялар басымдықтарға ие болулары үшін біз процестің барысын қадағалайтын боламыз», деп түйіндеді өз сөзін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.Мырзахметов.

Дерекнамасы: ortcom.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер