А.Мырзахметов: «Кепілдендіру қоры биылдың өзінде жұмысын бастайды»
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес ашпақ болған жандарға жәрдемдесетін кепілдендіру қорын құрып, оның жұмысын биылдың өзінде-ақ бастамақшы. Бұл туралы палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, бүгін Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте мәлімдеді.
Аталған қор кепілдемесі жоқ, бизнес жоспары кей талаптарға жауап бере алмаған соң, іскерлік бастамасын жүзеге асыра алмаған жандарға көмекке келеді. Қажетті құжаттарды жинай алмау себебінен көп жағдайда кәсіпкерлердің ұтымды ұсыныстары орындалмай жатады,-дейді палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов. Оның айтуынша, қазір кепілдендіру қорын құруда Түркияның тәжірибесі зерттеліп жатыр. Ол елде де қазақстандық палата сияқты ұйым бар. Айта кетері, бүгінгі күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден екінші деңгейлі банктер талап ететін құжат санын да айтарлықтай қысқартуды жоспарлап отыр.
Абылай Мырзахметов, Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:
- Сіз ешқандай кепілдік қоймайсыз. Сізге жаңағы фонд гарантия береді. Ақшаңызды аласыз, жұмысыңызды жасайсыз. Бірақ, палатаның жергілікті жердегі филиалы сіздің сол ақшаны қалай жаратып жатырсыз, ұтымды жаратып жатырсыз ба, соған қарап көмектесіп отырады. Біз қағазды қысқарт дейміз. Әр банкке әртүрлі, біреуі он қағаз сұрайды, біреуі жиырма бес. Біз Ұлттық банкке талап қойдық, барлық банкетр жеті ме, сегіз бе талап ету керек, сонымен тоқтату керек, Бар банк сол жеті-сегіз қағазды сұрауы керек.
Дерекнамасы: Хабар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: