astana-view

Қаржы амнистиясы ел экономикасына серпін береді

2014 жылғы 13 Сәуір
2490 просмотров

Қазақстандық сарапшылар қаржы амнистиясы ел экономикасына тың серпін береріне сенімді.  Естеріңізге сала кетейік, ұлттық инвесторлар кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын шетелдегі қаражаттарын заңдастырыпелге инвестиция құюға шақырды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев Қазақстан тек  шетелдік қана емес, отандық инвесторларға да  үміт арта алады дейді. 

Рахым ОШАҚБАЕВ,  ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қазіргі таңда елге инвестиция тарту үкімет үшін ең басты мақсаттардың бірі. Отандық бизнесмендердің көбі өз қаржыларын шетелде сақтайтыны белгілі. Егер де олар осы активтерді еш ауыртпалықсыз сатып, Қазақстанға инвестицияласа, ел экономикасы ұтады.

Қазақстанда ең бірінші рет капиталды амнистиялау шаралары 2001 жылы жүргізілген. Акцияның 2-ші кезеңі Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Сол кезеңде Қазақстан экономикасының көлеңкелі айналымы 25-35 пайызды құраған. Ал амнистия нәтижесінде 367,8 миллиард теңге қайтарылған еді. Жаңа акция аяқталғаннан кейін қазақстандықтар өз табыстары мен шығындарын жариялайды. 

Рахым ОШАҚБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұл жемқорлыққа қарсы  әрекеттердің ең тиімдісі.  Мағлұмдау арқылы  табыстар мен шығындар есептеледі. Сәйкесінше,  шығындар табыстан артық болса, ол күдік туғызады. Барлық қазақстандықтар осы мүмкіндікті пайдалып, заңды түрде жұмыс істей алады.

Қазақстанда капиталды амнистиялау шарасы 2017 жылға дейін жүргізілмек.  Ол үшін Ұлттық Банк ағымдағы жылдың 1-ші маусымына дейін сәйкесінше заң жобасын әзірдеуі тиіс.  

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер