Бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы шілде айына дейін әзірленеді
Бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы шілде айында дейін әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Кеше ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Президент тапсырған міндеттер бүгін Үкімет отырысында талқыланды. Он күн ішінде жол картасы түрінде жоспар әзірленеді. 22 сәуірде бұл жол картасы үкімет отырысында бекітіледі», - деді А.Мырзахметов.
Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Президент бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының айтуынша, бағдарлама шілде айында дейін әзірленеді.
«Дүйсенбі күні бірлескен жұмыс тобы құрылады, оған бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік етеді. Жұмыс тобы бағдарлама әзірлеуі тиіс, ол екі-үш ай ішінде дайын болады. Бірыңғай бағдарлама кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған барлық бағдарламаларды біріктіреді. Бірыңғай оператор болады. Бұл кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Онда қолдау тетіктері нақты айқындалады», - деді ол.
Дерекнамасы: Bnews.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: