astana-view

ҰКП ЭСКПО көрмесіне отандық бизнестің қатысуын реттейтін арнайы бағдарлама әзірлейді

2014 жылғы 13 Сәуір
2414 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭСКПО халықаралық көрмесіне отандық бизнестің қатысуын реттейтін арнайы бағдарлама әзірлейді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Арнайы бағдарламаны палата «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен бірлесіп әзірлеп жатыр. 

«Бұл жобаға шамамен 4 млрд доллар инвестицияланады, инфрақұрылым, ғимараттар салынады. Біздің міндетіміз – мониторинг пен отандық компаниялардың кері байланысын қамтамасыз ету. Біз компанияларды іріктеуде әділдіктің болуын, отандық компанияларға басымдық берілуін бақылаймыз. Қазақстанда 90 пайызға жуық құрылыс материалдары өндіріледі», - деді А.Мырзахметов. 

Ал Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаеваның айтуынша, көрмеге дайындық жұмыстарына еріктілермен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің ресурстары да жұмылдырылмақ. 

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер