astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2014 жылы кепілдендіру қорын құрады

2014 жылғы 13 Сәуір
2192 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2014 жылы кепілдендіру қорын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Түркия тәжірибесін ұсынып отыр, бұл елде бастаманы кәсіпкерлер палатасы көтерген. Қорды ашу үшін капиталын қалыптастыру керек. Түркияда бастапқы капиталы жарияланғанымен, жыл сайын 500 млн доллар бюджеттен бөлінеді. Ал палата шешімдердің тез қабылдануына ықпал етеді. Бүгінде азаматтардың жақсы идеясы болғанымен, оны жүзеге асыра алмайды, бюрократиялық кедергілерге тап болады: кепілі жоқ, бизнес-жоспар кейбір талаптарға жауап бермейді және т.б. Осы орайда қордың міндеті – жақсы бизнес-идеялардың жүзеге асуына қолдау көрсету», - деді А.Мырзахметов. 

Палатаның басқарма төрағасы кепілдендіру қоры биыл іске қосылатынын жеткізді. 

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер