«Даму» институттары делдалдықпен тапқан депозитке өмір сүретін ұйымға айналып кетті - А.Мырзахметов
«Даму» институттары делдалдықпен тапқан депозитке өмір сүретін ұйымға айналып кетті.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.
«Даму өзінің пайдалы жұмыстарын жасап та жатыр ғой. Бірақ, өкінішке орай соңғы 3-4 жылда даму институттары даму емес тек қана бір жерден ақшаны алып, екінші жерге салатын, соның арасында тапқан депозитке өмір сүретін институт болып кетті. Оны жасыратын ешнәрсе жоқ», - деді А.Мырзахметов.
Оның атап өтуінше, осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «ҚазАгро», «Бәйтерек», «Даму» сынды қорлардың жұмыстарына кәсіпкерлер, депутаттардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізбек.
Сондай-ақ А.Мырзахметовтің айтуынша, «Даму» қорының субсидияның арқасында 4 мыңға жуық кәсіпкер өз бизнесін дөңгелетіп отыр. Алайда, бизнесін енді бастағысы келген кәсіпкерлерге қор қаржылай көмек бере алмайды. Сондықтан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсібін енді бастайтын азаматтарға қаржылай қолдау білдіретін арнайы қор құру мәселесін Үкіметке ұсынуда.
Дерекнамасы: Казинформ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: