astana-view

Жалағаштың жылыжайы өз өнімін бермекші

2014 жылғы 14 Сәуір
2737 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен аудан орталығында «Кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау» және «Жылжымалы экомәдениет» акцияларының қатысушы қонақтары аумағы 22 га құрайтын «Серпін» өндірістік аймағында орналасқан жылыжай кешені жұмысымен, «Ақ-селеу» қоғамдық моншасы, «Ақжол» қонақ үйінің жұмыстарымен танысып өтті, деп хабарлайды Жалағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараның басты мақсаты Елбасының кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге мараторий туралы жарлығын аудан кәсіпкерлеріне жан-жақты түсіндіру болып табылады.

Айта кету керек, құны 250 млн теңге құрайтын 3 кешендік жылыжайдың 1 кешені 2012 жылы іске қосылды. Қазіргі таңда кешенде 8 адам жұмыс жасайды. 3 кешен толық іске қосылғанда 150 адам жұмыспен қамтылмақ. Жылына 3 айналымда 60 т өнім алынып отыр. Бұл жобаны «ШНС» ЖШС жүзеге асыруда.

Шара барысында өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылу мақсаты-міндеттері, «Кәсіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Елбасы жарлығы туралы баяндама жасады.

Баяндама барысында аудан орталығында ҰҚП-ның өкілділігі ашылатындығын қуанышпен жеткізді. Филиалда 5-10 маман аралығында арнайы эксперттер жұмыс жасайтын болады. Мамандар аудан тұрғындарын толғандырған кәсіпкерлік саласындағы барлық сұрақтарға жауап бере отырып, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсінуге, құқық қорғау, кеңес беру, бизнес-жоспар құру сынды жұмыстарға тікелей араласып, қолдау көрсететін болады.

Шара барысында аудан прокуроры Хадиша Сағатқызы «Жылжымалы экомәдениет» шарасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде. шаруашылықтарда және кәсіпкерлік субьектілерде ұжымдық шарттарды қабылдау заңдылықтары туралы облыстық кәсіподақ кеңесінің төрайымы Р.Байназарова түсіндіріп өтті.

Дерекнамасы: Qaznews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер