astana-view

Сарапшылар Елбасының капиталға рахымшылық жасау туралы бастамасын тиімді пайдалану керек деп санайды

2014 жылғы 14 Сәуір
2565 просмотров

Мемлекет басшысының   капиталға рахымшылық жасау туралы бастамасын тиімді пайдалану керек деп санайды Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары.  

Елбасының бизнесмендерге үндеуін талқыға салған олар, бұл бастаманың ел экономикасына оң ықпал етеріне сенімді. Заңдастырылмаған капиталдары бар беделді инвесторлар, таяу уақытта  қаражаттарын елге қайтару мүмкіндігіне ие болады.  Келесі қадам - үш жылдан кейін  жұмыс  істей бастайтын халықтың табысын   жаппай декларациялау болмақ. Қазақстанда  жалпы мүлікті, оның ішінде жылжымайтын  мүлікті, капиталды және құнды қағаздарды заңдастыруға қатысты  жасалған  шара соңғы рет 2006-2007 жылдары жүзеге асқан болатын. 

Төлеміс  Шотанов,  Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры:
- 2017 жылдың 1 қаңтарында басталатын жаппай декларициялау барлық отандық инвесторлар мен бизнесменді үшін қаражатты өз еліміздің экономикасына құюға ынталандыратын жақсы мүмкіндік. Біздің елімізді кез-келген адам өзін жайлы сезінеді, капитал да солай. 23 жыл ішінде Қазақстанда бұл салада өте қолайлы да тиімді жағдайлар жасалды, сондықтан бүгінгі таңда  инвесторлар үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ.  

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер