astana-view

Қызылордада венгерлік ауыл шаруашылығына қызмет көрсету орталығы ашылады

2014 жылғы 16 Сәуір
2163 просмотров

«LAC Holding» компаниясы Қызылордада венгерлік ауыл шаруашылығына қызмет көрсету орталығын ашпақ. Бұл туралыBNews.kz тілшісіне ҰКП аймақтық филиалының баспасөз хатшысы Ботагөз Жүсіп мәлімдеді.

"Кәсіпкерлер палатасы мен «LAC Holding» компаниясының арасында келіссөздер мен материалдар алмасу 2013 жылдың қараша айынан, Венгрияның Қазақстандағы консулы Иштвана Маккларидің Қызылорда облысына сапарынан басталды, - деді ол. – Келіссөздер нәтижесі бойынша, венгерлік тараппен ынтымақтастықтың бірінші кезеңі басталды. Бастапқыда Қызылорда облысының әрбір ауданының су және топырағына мұқият талдау жүргізілді".

Сондай-ақ, облыста венгерлік ауыл шаруашылығына қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер