astana-view

ЕЭО: Отандық бизнесмендер алып нарыққа төтеп бере ала ма?

2014 жылғы 16 Сәуір
2457 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақ құрылса, тауар нарығының көкжиегі кеңейеді, осы арқылы кәсіпкерлердің кейбірі тірлігін тіктеп алар. Алайда, алып нарыққа отандық бизнесмендер төтеп бере ала ма?

Бейбіт Сыздықов, қала тұрғыны: 
Жеке кәсіпкерлердің өндірген өнімдерінің бағалары қымбат болуына байланысты өтімділігі шетелдік өніммен салыстырғанда төмен. Осыған қалай көмектесе алады? 

Нұржан Әлтаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары: 
Қазір көптеген бағдарламалар іске асырылып жатыр. «Бизнестің жол картасы» бар. Ол бойынша кәсіпкерлерге үлкен көмек көрсетіледі. Банктен кредит алатын болса, оларға кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады. 

Тұрғындарды отандық өнімдердің экспорты да толғандырады. 

Зарина Оспанова, қала тұрғыны:
Отандық кәсіпкерлер шетел нарығына тауарларын аз шығарады. Кәсіпкерлер үшін шетел нарығына ашық кеңістік қашан пайда болады және  мемлекет тарапынан осы мәселелерді реттеу үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?

Нұржан Әлтаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары: 
Қазір бұған өте үлкен көмек болып отырған ұйым - Кедендік одақ. Өйткені, осы одақ аясында үш мемлекеттің арасындағы кедергілердің бәрі алынып жатыр. 

Дерекнамасы: Қазақстан

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер