astana-view

ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2014 жылғы 15 Сәуір
2647 просмотров

Бүгін Қызылордада өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

2010-2013 жылдар аралығында «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына аймағымызға 5,6 млрд. теңге бөлінген. Оның тек 62%-ы игерілген. 151 жоба іске асса, соның 24-і ғана аудандардың үлесіне тиесілі.

«Мемлекеттік бағдарламалар шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға және экономиканың дамуына бағытталған. Сондықтан бизнес бастағысы немесе дамытқысы келетін азаматтарға сапалы дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Біз осы көмекті қажет ететін кәсіпкерлер қатарын көбейтуге атсалысуға дайынбыз», - деді палата директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаржы көлемі басқа өңірлермен салыстырғанда бізде аз екен. Жиын барысында бағдарламалардың іске асырылу механизмі мен құралдары жөнінде бизнес-қауымдастық пен ақпараттық таратылымы туралы әкімшілік бағдарламалар жасақтау, кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысын күшейту қажеттігі айтылды.

Дерекнамасы: kyzylorda-news.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер