Аудандарда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдігі ашылуда
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында да бизнес қауымдастықты қолдау кеңесі құрылды.
Бұдан былай жергілікті жердегі шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болар мәселелер осы кеңесте талқыланып, құзырлы органдарға жеткізіледі. Кәсіпкерлікке қатысты түйіткілдер Жалағаш ауданында да аз емес. Мәселен 2 жыл бұрын ашылған «Серпін» индустриялды аймағында нақты қандай жобалар жүзеге асатыны белгіленбеген. Сондықтан инфрақұрылымы да тартылмай отыр. Бұл осы жерде құрлыс материалдарын және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қиындық тудыруда. Мәселен жоба негізінде 3 гектар жерге жылыжай орнатып, қияр мен қызанақ алуды көздеген Нұрғиса Сәрсенбаевта жол, су, жарықтың жоқтығынан кәсібін өрлете алар емес. Ол осы өзекті мәселені өңірлік кәсіпкерлер палатасының директорына жеткізіп, қолдау сұрады.
Нұрғиса Сәрсенбаев, кәсіпкер:
- Бізге тек жылыжай салыңыздар, су, жарық, байланысты біз қамтамасыз етеміз деген. Қиыншылық туғызып тұрған нәрсе – электр жарығы. Уақытша түрімен қолданып отырмыз. Ол екінің бірінде әр жерінен атылып кетеді.
Дінмұхамед Әбсаттаров, Қызылорда өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры:
- Аудан әкімі осы бағытта толық өз білетінін жеткізіп, көмек көрсетіп жатқанын айтып өтті. Әрине, біз тарапымыздан оны ілгерілетуге барынша мүмкіндік жасалатын болады. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бар.Кәсіпкер болғысы келіп тіркеліп, 3 млн. теңге микрокредит алып, жұмыс істегісі келетіндер бар. Бірақ негізгі бағыттарын білмейді. Қай кәсіппен айналысу керек, қанша қаражат керек және оны қалай ақтап, қайтаруға болатынын түсіндірдік.
Дерекнамасы: 24kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: