astana-view

Енді солтүстік өңірде СЭС және салық мамандары кәсіпкерлерді бейберекет тексере алмайды

2014 жылғы 17 Сәуір
2759 просмотров

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық қаржы полицейі меморандумға қол қойған жиында мәлім болды. Сондай-ақ, олар шағын және орта бизнестің дамуында кездесетін кедергілерді бірлесіп шешетін болады.

«Басты мақсатымыз мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерін қадағалаймыз. Себебі жеке кәсіпкерлерден осы мәселеге қатысты көп шағымдар түседі», – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нелли Кукушкина.

СҚО-да 22 мыңдай кәсіпкер тіркелген екен. Олардың жұмысын 30-ға жуық орган қадағалайды. Өткен жылы  1655 тексеріс жүргізілсе,  соның 50 пайызға жуығы жоспардан тыс жасалған. Әсіресе сантиарлық-эпидеимиялық және салық қызметкерлері кәсіпкерлерге тыным бермеген. Бұл мәселені кәсіпкерлер палатасы СҚО прокуратурасымен бірлесе отырып шешіп жатыр.

Енді кезек, парақорлықпен күрес. СҚО, экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Рүстем Рақышевның айтуынша кейбір лауазымын асыра пайдаланушылардың кесірінен жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер зардап шегеді екен. Мысалы, үстіміздегі жылы бір бизнесменнің құжатына қол қойып беру үшін 85 мың теңге пара сұраған Тайынша ауданы сантиарлық-эпидеимиялық бақылау басқармасының басшысы Орынбек А.С. 7,5 жылға сотталып кетті.

«Жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлер шаруашылығын дөңгелетіп әкету үшін онсыз да қырауар қаражат жұмсайды. Одан шенеунік келіп пара сұраса не болды? Бұл – шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған факторлардың бірі. Осымен бірлесіп күресуіміз керек. Алған парасының мөлшеріне қарамай қылмыскерлер қатаң жазаланатын болады», – дейді Р.Рақышев.

Кәсіпкерлер палатасында бизнесмендердің қаржы полицейлерімен кездесу кестесі де жасалып қойды.

Дерекнамасы: Munara.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер