Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдігі аудандарда ашылуда
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдігі аудандарда ашылуда. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында да бизнес қауымдастықты қолдау кеңесі құрылды. Бұдан былай жергілікті жердегі шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болар мәселелер осы кеңесте талқыланып, құзырлы органдарға жеткізіледі.
Кәсіпкерлікке қатысты түйткілдер Жалағаш ауданында да аз емес. Мәселен, 2 жыл бұрын ашылған «Серпін» индустриялды аймағында нақты қандай жобалар жүзеге асатыны белгіленбеген. Сондықтан, инфрақұрылымы да тартылмай отыр. Бұл, осы жерде құрлыс материалдарын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қиындық тудыруда. Мәселен, жоба негізінде 3 гектар жерге жылыжай орнатып, көл-көсір қияр мен қызанақ алуды көздеген Нұрғиса Сәрсенбаев жол, су, жарықтың жоқтығынан кәсібін өрге бастыра алар емес. Ол осы өзекті мәселені өңірлік кәсіпкерлер палатасының директорына жеткізіп, қолдау сұрады.
Нұрғиса Сәрсенбаев, Жеке кәсіпкер:
- Олар тек сіздер теплица салыңыздар, арғы жағын біз инфрақұрылымды су, свет, телефон бәрін әкеп өзіміз құрғызамыз деген. Қиыншылық боп тұрған нәрсе бізге, электр жарығы, уақытша отырмыз. Ол екінің бірінде әр жерден атылып кетеді, күйіп кетеді.
Дінмұхамед Абсаттаров, Қызылорда өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры:
- Аудан әкімі осы бағытта толық өзі білетіндігін жеткізіп, көмек көрсетіп жатқанын айтып өтті. Әрине, біз тарапымыздан оны ілгерілетуге барынша мүмкіндік жасалатын болады. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бар. Кәсіпкер болғысы келіп тіркеліп, 3 млн. теңге микрокредит алып, жұмыс істегісі келетіндер бар. Бірақ, негізгі бағыттарын білмейді. Қай кәсіппен айналысу керек, қанша қаражат керек және оны қалай ақтап, қайтаруға болатынын түсіндірдік.
Дерекнамасы: Хабар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: