astana-view

Мораторий кезіндегі тексеруге жол берілмеді

2014 жылғы 25 Сәуір
2231 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының жарлығымен кәсіпкерлік нысандарын тексеруге жарияланған мараторийге қарамастан заңсыздықтар болған. Бұл туралы Кәсіпкерлер Палатасында өткен жиында Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің облыстағы басқармасы мәлімдеді. Шағын және орта бизнестің өркендеп-өсуіне бағытталған мараторийдің жүзеге асуын қадағалау барысында 2 бірдей ауданда заңсыздықтар анықталған. Түлкібас ауданында Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы Дүйсенәлі Сейсенбаевтың кәсіпкер екенін біле тұра, оның шаруа қожалығына тексеру тағайындаған. «Бұл Елбасы Жарлығы талаптарына қайшы келеді», – дейді прокурорлар.

Мұхтар Мүсіров, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ОҚО бойынша басқарма басшысының орынбасары:
-Бұл жөнінде ақпарат Түлкібас аудандық прокуратурасына жолданды. Қазір бұл бойынша прокурорлық шара көрілуде. 2-ші дерек жақында ғана 3 күн бұрын Қазығұрт ауданында анықталды. Дәл осы ветеринарлық бақылау және қадағалау бөлімі 21 сәуір күні жеке тұлға Бағысбаевқа қатысты тексеру әдісін шығарып, басқармаға тіркеуді ұсынған. Осы басқармаға тіркеуді ұсынған. Осы басқарма салық органына сұрау беру арқылы Бағысбаевтың 2004-жылдан бері «Найман» шаруа қожалығының төрағасы екенін анықтап, актіні тіркеуден бас тартты. Яғни заңсыз тексеруге жол бермеді. Осылайша біз 2 кәсіпкердің құқығын қорғап отырмыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер