astana-view

Отандық кәсіпкерлерге үндеу

2014 жылғы 25 Сәуір
6454 просмотров

Бүгін «Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұлов отандық кәсіпкерлерге үндеу жариялады.

Естеріңізде болар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы былтыр қыркүйек айында құрылған еді. Сол аз ғана уақыттан бері отандық бизнес үшін тиімді мүмкіндіктер ашылып, палата Үкіметтің тең құқылы әріптесіне айналып үлгерген болатын. Бизнес-қауымдастықтың негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамыту мен ел ішіндегі бизнес-ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған. Бұл күндері ұйым тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмыстары тежеліп қалған емес.

«Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловтың отандық кәсіпкерлерге үндеуі:

Құрметті кәсіпкерлер!

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Ұлттық инвесторлар кеңесі осы үндеуді жолдауыма түрткі болып отыр. Алқалы жиында сөз алған Елбасы мен өзге де қатысушылардың пікір-пайымын тыңдай отырып, мемлекет пен бизнес арасындағы байланыстың бұрынғыдан да жақсара түскеніне көз жеткіздім.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылы 9-қыркүйекте құрылды. Содан бері отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің тең құқылы әріптесіне айналды. Бизнес-қауымдастық қызметі – кәсіпкерлікті дамытуға, елдегі бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған ұйым. Қазіргі уақытта кәсіпкерлерге шынайы қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, арнайы заң қабылданып, Елбасының кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған Жарлықтары жарық көрді. Билік пен бизнес арасында диалог орнады. Кәсіпкерлер үлкен қолдауға ие болды. Айталық, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолжетімді қаржылай ресурстармен қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын белсенді жүзеге асыруда.

Мұндай қолдау, ең алдымен, шағын және орта бизнес үшін қажет. Дегенмен, қазақстандық бренд ретінде әлемдік нарықта танылып, өз орнын иеленіп үлгерген отандық ірі компанияларға да қолдау жасалуы тиіс.

Ірі компания деңгейіне көтерілуге барлығының мүмкіндігі бар. Алайда, оны тек екі жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Біріншіден, кәсіпкер кез келген нарықта, тіпті талабы жоғары нарықта сұранысқа ие болатын сапалы, әрі бәсекеге қабілетті өнім ұсына білуі тиіс. Екіншіден, бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасайтын, әрі бизнес мүдделерін қорғайтын үлкен бірлестік аясында бизнестің өркендеуіне қажетті қолдау көрсетілуі керек. Тек сонда ғана кәсіпкерліктің дамуына жол ашылады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сынды бизнес-қауымдастық платформасында экономикалық қатынастар жүйесінде шағын және орта бизнестің лайықты орнын иеленуін қамтамасыз етуге, қаржы және технологиялардың қолжетімділігін жеңілдету, жаһандық нарық және интеграциялық бірлестіктер жағдайларында бәсекеге қарсы тұруға жәрдемдесу жолында бар біліктілігімізді, тәжірибеміз бен күшімізді жұмылдыра аламыз деп сенемін.

«Astana Group» құрамындағы компаниялар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамалары мен жобаларына қолдау танытты. Компаниялар тобының құрамындағы әрбір компания мүшелік жарнаны төлеп үлгерді. Мұны біз елдегі бизнес-ахуалды жақсартуға салынған инвестиция деп санаймыз.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдегі тек іскер ортаның ғана емес, барша қоғамның дамуы үшін батыл қадамдар жасауда. Еліміздің бизнес қоғамдастығын бұл іске жауапкершілікпен қарауға шақырамын! Өйткені, бұл ортақ іс еліміздің тұрақты дамуына жол ашады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер