astana-view

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Кеден Сервис» ЖШС-нің 350 372 727 теңге заңсыз төлем төлуінің алдын алды

2014 жылғы 28 Сәуір
2829 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасына «Кеден Сервис» ЖШС өздеріне ірі көлемде айыппұл салынғаны жөнінде арызданған болатын. Арызда Қызылорда облысының кедендік Департаменті «Кеден сервис» ЖШС-не кедендік төлемдер, салықтар мен өсім пұл бойынша 350 372 727 теңге мөлшерінде қарызы бар жөніндегі хабарламасы заңсыз қойылғанына байланысты заңдылық көмек көрсетуді сұраған.

Шағымды қарау барысында аталған сұрақтар Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөңіндегі Кеңесте БАҚ өкілдерің, тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен отырыс мәжілісінде көтерілген болатын.

Нәтижесінде, Қызылорда облыстық прокуратурасымен ҚР ҚМ кедендік бақылау Комитетіне кедіндік органдарының лауазымдық қызметкерлеріне қатысты тиісті шаралар көру жөнінде ұсыныс еңгізілді. Сонымен қатар «Кеден Сервис» ЖШС-не қатысты Қызылорда облысының мамандырылған экономикалық сотында қаралып жатқан азаматтық ісі бойынша жүргілген сот процесстерінде Палата заңгерлерімен құқықтық көмек көрсетілді.

Осыған орай, Қызылорда облысының мамандырылған экономикалық соты «Кеден Сервис» ЖШС-нің талаптарын толық қанағаттандырып, кедендік Департаментімен кедендік төлемдер, салықтар мен өсім пұл бойынша 350 372 727 теңге мөлшерінде қарызы бар жөніндегі хабарламасы заңсыз деп таныды.

Әлібек Сапарходжаев, «Кеден сервис» ЖШС-нің рәсімдеу маманы: «Бізге салынған айыппұлға күмән келтіріп, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына жүгіндік. 2 апта көлемінде палатаның сарапшылары зерттеу жұмысын жүргізіп, іс сотта қаралды. Нәтижесінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ықпалымен, сот оң шешім қабылданды. Нәтижесінде «Кеден сервис» ЖШС 350 372 727 теңге салықтар мен төлемдерден босатылды. Прокуратура тарапынан осы мәселе бойынша Қаржы министрлігіне, Кедендік бақылау комитетіне ескертпе берілді», – деп атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер