astana-view

Кәсіпкерлер палатасы серіктестікті 350 млн. теңге көлеміндегі заңсыз төлемнен құтқарды - Қызылорда

2014 жылғы 28 Сәуір
2246 просмотров

ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасына «Кеден Сервис» ЖШС өздеріне ірі көлемде айыппұл салғаны жөнінде арызданған болатын. Шағымда Қызылорда облысының Кедендік бақылау департаменті аталмыш кәсіпорынға кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша 350 372 727 теңге мөлшерінде қарызы бар жөніндегі хабарламаны заңсыз қойылғанына байланысты құқықтық көмек көрсету сұралған.

Шағымды қарау барысында аталған мәселе Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөңіндегі кеңесте БАҚ өкілдерінің және тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен отырыс мәжілісінде көтерілді.

Нәтижесінде, Қызылорда облыстық прокуратурасымен ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетіне кедендік органдарының лауазымдық қызметкерлеріне қатысты тиісті шаралар көру жөнінде ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар «Кеден Сервис» ЖШС-не қатысты Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық сотында қаралып жатқан азаматтық іс бойынша жүргізілген сот процестерінде палата заңгерлерімен құқықтық көмек көрсетілді.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы хабарлағандай, Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық соты «Кеден Сервис» ЖШС-нің талаптарын толық қанағаттандырып, Кедендік бақылау департаментінің кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша 350 372 727 теңге мөлшерінде қарызы бар жөніндегі хабарламасын заңсыз деп таныды. 

«Бізге салынған айыппұлға күмән келтіріп, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгіндік. Оның сарапшылары 2 апта көлемінде зерттеу жұмысын жүргізіп, іс сотта қаралды. Қортындысында палата ықпалымен сот оң шешім қабылдады. «Кеден сервис» ЖШС 350 372 727 теңге көлеміндегі салықтар мен төлемдерден босатылды. Прокуратура тарапынан осы мәселе бойынша Қаржы министрлігіне, Кедендік бақылау комитетіне ескерту жасалды. Біз сияқты айыппұлға күмән келтірген кәсіпкерлерге палатаның көмегіне жүгінуді ұсынамын», - дейді «Кеден сервис» ЖШС-нің маманы Әлібек Сапарходжаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер