Алматы облысында бизнес-идеялардың алғашқы «Atameken Startup Weekend» конкурсы өтті
«Atameken Startup Weekend» жобасы 22 ірі қалада болып үлгерді, атап айтқанда Астанада, Қарағандыда, Атырауда және басқаларында. Талдықорған қаласында жоба 25-27 сәуір аралығында І.Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университетінің ғимаратында өткізілді. Біздің жастардың Startup-қа қызығушылығы туралы цифрлардың өзі мәлімет береді – 100-ден астам адам тіркелген, олар 47 топқа бірігіп, оның ішінен финалға 16 топ шыққан. Қатаң тайминг жағдайында жастар қызықты бизнес-жоспарлар, ал кейбіреулері тіпті болашақ өнімдер мен қызметтердің прототипін жасай алды.
«Atameken Startup Weekend» жұмысшы уикенд форматында өтті, сол уақыт ішінде жастарда өз стартап-жобасын іске қосу мүмкіндігі болды. Қатаң шектеулі уақыт ішінде бір ғана бизнес-идеямен келген қатысушылар жиналғандар арасынан топ құрды да, тұжырымдама, бизнес-жоспарлар дайындаумен айналысты, бизнес-сарапшылардың жәрдемімен crush-тестіден өтті. Жұмыстың мақсаты – өміршеңдігі барынша төмен өнім жасау. Бизнес-идеялар виртуалды туризмнен, экономикалық отынның жаңа түрін өндіруден бастап, «3Д шатыр» және пластиктен жол люгін басып шығаруға дейін, алуан түрлі болды. Сондай-ақ қатысушылар өңірлік клиенттерге арналған бірнеше онлайн-сервис ұсынды.
Atameken Startup Weekend конкурсының қатал да әділетті қазылар алқасының құрамына Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Л.Чинкисбаева, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директоры Р.Талтүсов, «Алматы бояулары» ЖШС директоры Р.Салықова, «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ АОФ директоры М.Мұсабекова, «Ассорти» мейрамханасының директоры Ж.Исағалиев, «Atameken Startup» қоғамдық қорының директоры Н.Тазабеков кірді. Қызу талқылаудан кейін соңғы шешім шығарылды. Әрине, тосын сыйсыз болмады. Сонымен, үшінші орыннан бірден екі бизнес-идея үміткер болып шықты. Сәйкесінше, топтардың ешқайсысы да құр қол қалмады.
3-орын және 100 000 теңгені «Виртуалды туризм» жобасы алды (Сарсенбаев Бақытжан мен оның тобының идеясы), ол онлайн тәртіпте Алматы облысы мен елдің туристік орындарын көрсетуді шамалайды, сондай-ақ «Марс» тобының жобасы (топтың мүшелері ЖМУ, Талдықорған политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары) – жеміс-көкөніс шикізатын гелиймен кептіру, онда өнімнің барлық тағамдық қасиеттері сақталады. Екінші орын және 200 000 теңгені «Оптимус» тобының «Бесінші нышан» үнемді отынның жаңа түрін дайындау бойынша жобасы жеңіп алды (ЖМУ экономикалық факультетінің студенттері, Молдабеков Арсен және оның тобы). Қазылар алқасының шешімі бойынша жобаның абсолютті жеңімпаздары және 300 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық иегерлері мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекпен қамту үшін веб-сайт құру жобасымен «Трудяги» тобы атанды (топ құрамындағылар - Благушин Антон, Қапанов Қуаныш, Рожко Ирина). Сайт осы жылы іске қосылатын болды.
Қазылар алқасы мүшелері жас кәсіпкерлердің креативті ойлары алдында немқұрайды қала алмай, өз сыйлықтарын тағайындады. Алматы облысы бойынша «Даму» қорының директоры Ринат Талтүсов жеке өз атынан қосымша сыйлық берді. Жастарға фототехника сыйланды. Қатысушылардың ойынша, жас кәсіпкерлер тобының бірқатар пайдалы қасиеттерге ие ешкі сүтін өндіру бойынша идеясы қызықты жоба болды. Бұл жоба қазылар алқасының мүшесі, «Ассорти-Талдықорған» ЖШС директоры Жамбыл Исағалиевтің жеке сыйлығына ие болды.
Өткен конкурстан ең алдымен жас кәсіпкерлердің өздері үлкен ләззат алды. Шаттықтың шегі болмады, жастар жағымды энергиядан қуат алды, бұл олардың кезекті бизнес-жобаны таныстыру кезіндегі құлшынысынан көрініп тұрды.
StartupWeekend - жаһандық бастама, оның ыңғайлы және жемісті форматы алдымен Америкада, кейін Еуропа мен Азияда бастаманы өте танымал етті. Бұдан әрі бизнес-идеялар конкурсы жыл сайын өткізіліп тұратын болады. Жобаны ұйымдастырушылар «Atameken Startup» қоғамдық қоры және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы болды. Іс-шараның серіктестері ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитет, І.Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университеті және «Ирада-балық» ЖШС болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: