ҰКП «Өмір жолы» әлеуметтік жобасын жүзеге асырады
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қауымдастықтармен бірігіп «Өмір жолы» Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау жобасын жүзеге асырады, деп хабарлайды Palata.kz.
«Өмір жолы» - қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тәулік бойы жедел көмек көрсету қызметі. Түймешені басқанда немесе құрылғының іске қосылған кезінде тәулік бойы Көмек көрсету орталығына автоматты түрде дабыл келіп түсіп, онда оператор жеке денсаулық паспорты бойынша жедел жәрдем қызметін, ТЖМ мен өзге де қызметтерді көрсету ұйымдарын шақыру шешімін қабылдап, туған-туыстары мен көршілеріне хабарлап, қажетті көмек көрсету барасын жүргізеді.
«Өмір жолы» әлеуметтік пакеті Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан мақұлданып,2013 жылы «Atameken Start-up» кәсіпкерлік идеялар байқауында бірінші орынға ие болды.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: