ҚР ҰКП ардагерлерді қолдау бойынша «Өмір жолы» жобасын іске қоспақ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлерді пайлатасы бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау бойынша «Өмір жолы» атты жобаны іске қоспақ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Palata.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, «Өмір жолы» - қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тәулік бойы жедел жәрдем көрсететін қызмет. Түймеге басқан уақытта немесе төтенше жағдайларда төмендеу құрылғысы іске қосылғанда, жедел жәрдем орталығына лезде хабар беріледі. Орталық операторы науқасқа тән симптомдар және жеке денсаулық паспорты бойынша дереу шешім қабылдап, жедел жәрдем, ТЖМ немесе басқа да қызметтерді шақырады және науқастың туыстары мен көршілеріне хабар береді. Қажетті көмектің көрсетілуін ұдайы түрде бақылауда ұстап отырады.
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылы «Atameken Start-up» бизнес-идеялар байқауын өткізіп, бірінші орын алған «Өмір жолы» әлеуметтік жобасын таңдап алған болатын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: