astana-view

Қазақстан ҰОС ардагерлері SOS құрылғысымен қамтамасыз етіледі

2014 жылғы 05 Мамыр
2701 просмотров

Қазақстан ҰОС ардагерлері SOS құрылғысымен қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды соғыс ардагерлеріне тәулік бойына шұғыл көмек көрсететін қызмет - "Линия жизни" әлеуметтік жобасының жетекшісіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Астана мен Алматыда Ұлы Отан соғысына қатысқан 150 қарт оқыс жағдайда көмек көрсетуге мүмкіндік беретін құрылғымен қамтамасыз етілмекші.

Құтқарушы деп аталатын түймеше ардагерлердің үйіне орнатылады, ол қалалық телефон желісіне қосылады. Аталған құрылғы ардагердің өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы, керек кезде қолданатын SOS түймешесі бар білезік немесе тұмар. Түймешені басқанда қайда тұратыны, жасы қаншада екендігі, негізгі сырқат түрлері, жақындары мен туыстарының телефондары сынды абонент туралы барлық ақпарат автоматты түрде тәулік бойына көмек көрсететін орталыққа келіп түседі. 

"Белгіні қабылдаған оператор, ең алдымен, белгіні жолдаушымен хабарласады. Құрылғының өзі дауыс зорайтқышпен қамтамасыз етілген. Жауап алуда оператор түймешенің байқаусызда басылып кетпегендігін тексереді. Шынымен де қандай да бір проблема туындаса, онда оператор жедел жәрдем көлігін, қажет болып жатса полиция да шақыртып, одан ардагердің туған-туыстары мен жақындарын хабардар етеді" деп түсіндіреді дабыл түймешесінің жұмыс қағидатын "Линия жизни" жобасының жетекшісі Ілияс Омаров. 

Оның айтуынша, аталған жүйеге Астанадан 75 және Алматыдан да осынша соғыс ардагері тіркеледі. Жүйе ардагерлер туралы барлық мәліметтерді ақпараттар кешеніне толықтырып болған соң іске кіріспек.

Республикамыздағы барлық соғыс ардагерін дабыл түймешесімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, ол үшін демеушілер табу керек екен. "Мәселе тек қаржыландыруға келіп тіреліп тұр, оны біз түсінеміз, бірақ асығыспыз. Бұл жобаға кім инвестиция жасай алады? Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бізге инвестор тауып беруге көмектесіп жатыр. Өйткені барлық ардагерді аталған жүйеге қосу үшін кем дегенде жарты миллиард теңге қажет" дейді Ілияс Омаров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер