astana-view

Екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2014 жылғы 28 Сәуір
2462 просмотров

Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Билік пен бизнес өкілдері бірігіп, жұмыс жасауға уағдаласты. Барлық аудандардың кәсіпкерлері бас қосып, бизнестегі көкейтесті мәселелерді ортаға салды. Елбасы қойған мақсат-міндеттерді іске асыру тетіктерін талқылады. Кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторий – дер кезінде қолға алынған шара. Іскерлер тексерулерден құтылып, кәсіптерін дамытатындықтарын айтуда. Кәсіпкерлік палатасының өкілдері жиналғандарды капиталды заңдастыру науқанына атсалысуға шақырып, өнім өндіру саласына көңіл бөліп, экспорт көлемін ұлғайтуды тапсырды. 

Исламбек Салжанов, облыстық  кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің төрағасы:

- Өкінішке орай, Үкіметтің ауданға, ауылдарға қолы жетпей жатыр. Неліктен? Себебі ол жақта банктің филиалдары жоқ. Осыған байланысты біз Ұлттық палатаның мақсаты – ауданда, қалада, ауылдарда аудан филалдарын ашып, әр ауыл кәсіпкері мен ауыл жастарына қол жеткізіп, қолдау көрсету.

Қанат Тапаев, ұн комбинатының  бас директоры:

- Кедендік одаққа кіру мен интеграция  бізге үлкен мүмкіндіктер берді. Көлемді, ірі нарыққа шығуға жол ашады. Соңғы 2 жылдағы статистикаға сүйенсек, біздің кәсіпорын айтарлықтай жетістіктерге жетті. Экспорт көлемін ұлғайтудамыз, Ресей нарығына шықтық.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер