astana-view

Қазақстанның ЕДБ-тері ШОБ-ті қаржыландыру үшін қаржы алды

2014 жылғы 06 Мамыр
2363 просмотров

Екінші деңгейлі банктер өңдеу саласындағы еңбек етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қаржыландыру үшін Ұлттық қордан қаржысын алды. Ақпаратты zakon.kz Бәйтерек холдингісіне сілтеме жасай отырып тартты. Банктер 100 млрд. доллар қарыз алып, несиелерді бере бастауға әзір отыр. Қазір қарыз берілуі тиіс жобалар қаралу үстінде. Сарапшылар, осы бағдарламаның арқасында отандық ШОБ саласының ахуалы жақсаратын болады деп отыр. Себебі, еліміз ДСҰ-ы мен Біріңғай экономикалық кеңістікке кірмес бұрын, кәсіпкерлердің жағдайын жақсартып алған маңызды.

Тимур НАЗХАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
- Менің ойымша, мемлекет біздің бизнес жақсы дамуы үшін осындай бағдарламаларды көбірек жүзеге асыруы қажет. Бәсекенің болғаны дұрыс. Алайда, жаңа жобалардың да санын арттырған маңызды. Мысалы, Қазақстандық бизнес Еуроодақ пен Еурокомиссияның талаптарына сай емес. Осыған орай, біз дайындықты күшейтіп жіберуіміз қажет.

Қазір кәсіпкерлерден түскен тапсырыстардың соммасы 111 млрд. теңгені құрап отыр. Оның 44 млрды азық-түлік өнімдерін шығарға мүмкіндік беретін жобалар. Басқа жобалардың арасында, текстиль өндірісі, студия мен кеңес жиһаздары, әйнек пен шыны өндірісі, химия, металлургия және басқа да салалар бар. Жобалар тексеруден өткенен кейін банктер кәсіпкерлерген қарыз беретін болады.

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер