Соғыс ардагерлеріне көмек көрсетілді
9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 150 ардагерге шұғыл жағдайда белгі беруге арналған қондырғыны табыстады. Бизнес қауымдастығы Жеңістің 70 жылдығына орай еліміздегі барлық соғыс ардагерлерін осы қондырғымен қамтуды қолға алмақ.
«Жедел жәрдем» қондырғысы - осы. Ардагердің қан қымысы көтерілсе, жазатайым құласа, өзі немесе жанындағы жақын адамдар құрылғының тетігін басса болды. Дер кезінде берілген белгі әуелі туған-туыстарының ұялы телефондарына жетеді. Әрі қарай тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай көмек көрсету орталығына түседі.
Нұржан Әлтаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары:
Құлап қалса немесе қай жерге бару керек, соның бәрін көрсетеді. Содан кейін компьютерде база болады. Ол базаның ішінде әр ардагердің денсаулығы туралы ақпарат бар. Жақын туысқандарының телефондарына байланыс орнатылған. Компьютердегі ақпаратты дәрігерлер қарап, туған-туыстарына, жедел жәрдемге жолдайды.
Мұндай қызметтің түрі көмекке зәру жандар үшін әлемнің дамыған мемлекеттерінде 30 жылдан бері көрсетіледі. Ал, елімізде бұл сауапты істі кәсіпкерлер қауымдастығы өз мойындарына алды.
Өткен жылдың үздік бизнес идеясы атанған «Өмір жолы» атты жоба аясында биыл Астанада 100, ал Алматыда 50 ардагерге қондырғы тегін берілді. Жалпы құны 9 миллион теңге.
Бесет Мажағұлов, ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагері:
Менің үйде балаларым бар. Ауырып қалғанда телефонға жүгіріп, Жәдел жәрдем шақырады. Ал мынау жақсы, тетігін басса болды, уақытында көмек келеді. Ол да жақсы ғой. Күштерің келсе, осындай аппаратты барлық аталарыңа жеткізіңдер.
Қарт майдангердің бұл тілегі орындалады. Рас, мұндай қондырғыларға Жеңістің 70 жылдығына республиканың өзге аймақтарда тұратын ардагерлердің барлығы дерлік қол жеткізеді. Кәсіпкерлер солай, деп уәделерін берді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: