Ұлттық палата үшін шағын бизнес өкілдері де жарна төлеуі тиіс – ақтөбелік кәсіпкер
Ақтөбелік кәсіпкер ұлттық палата үшін шағын бизнес саласына да жарна төлеуді міндеттеуді ұсынып отыр, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оларға «Қаз қағаз» серіктесінің директоры Мақсат Тұмалиев хабарласқан. Ол өзінің ұсынысын жеткізіпті.
«Шағын бизнес саласының өкілдері міндетті жарна төлемейтіні белгілі. Бірақ палатаның сарапшылары менің кәсіпорынымның тұраламауына қол ұшын беріп, істерінің иглігін көзбен көрген соң шағын бизнес те жарна төлеу керек деген ойға келдім.Себебі, жарнадан түскен қаржы отандық бизнес пен Қазақстан экономикасының дамуына жұмсалады ғой», - дейді Мақсат Тұмалиев.
Қағаз өнімдерін шығаратын оның кәсіпорны он жылдан бері цех жалдап келеді екен. Жақында ғимараттың иесіне қатысты сот шешім шығарыпты. Соған байланысты сот орындаушылары нысанды жаппақ болған. Ал Тұмалиевтің бизнесі екі оттың арасында қалады. Ол дереу кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп, мәселесі оң шешіледі.
«Сот орындаушылары да заңға сәйкес қызметтерін атқарды. Бірақ олар өтінішіміді жерге тастамай, цехты жаппауға уәделерін берді», - дейді кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Руслан Күйшінов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: