astana-view

Ғани Қасымов пен Нұржан Әлтаев «Батыр Шапағаты» медалімен марапатталды

2014 жылғы 14 Мамыр
2635 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов «Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағы» ӨҚБ ұсынымы бойынша «Батыр Шапағаты» медалімен марапатталды, деп хабарлады Palata.kz.

Медальді «Ауғанстандағы ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жангелді Мақашев тапсырды.

Ол ҰКП өкілдеріне ауған соғысының ардагерлерін қолдау және мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсету бойынша жүргізген ауқымды қоғамдық жұмыстары үшін награда берілгенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер