astana-view

Алматы облысының кәсіпкерлері 150 млн теңге өндіріп алды

2014 жылғы 14 Мамыр
2379 просмотров

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің пайдасына соңғы 6 ай ішінде 150 млн теңге өндіріп алды. Бұл туралы өңірлік кеңестің кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz облыстық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, 6 ай ішінде Алматы облысының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік қызметтің 236 субъектісі жүгінген. 134 заңгерлік кеңес берілді, оның 17-сі мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында, 15-і – салық салу бойынша, 35 бизнес жоспар әзірленді. 

«Палатаның қатысуымен 4 сот ісі кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп, 150 млн теңге өндірілді. 4 кеңес құрылды, Палата өкілдері 11 комиссияның құрамына енді, 9 меморандумға қол қойылды», - деп атап өтті кәсіпкерлер палатасынан. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер