astana-view

Кәсіпкерлер құрылтайына Ақтөбеден 6 өкіл қатысады

2014 жылғы 15 Мамыр
2560 просмотров

Облыстық кәсіпкерлер палатасы форум өткізіп, делегаттарды іріктеді.

Құрылтайда көтерілетін мәселелер де пысықталды. Өңір кәсіпкерлері Үкіметке бірнеше ұсыныс жасамақ. Оның ішінде салық төлеу, ауылшарушылығын дамыту және дуальдіоқыту мәселелері бар.

Кәсіпкерлер құрылтайына баратындардың бірі – Марат Итеғұлов. Он жыл бұрын кластер құрған кәсіпкер ескі сүт зауытын жаңғыртып алды. Шетелдік технологиямен сүт өнімдерінің 30-дан астам түрін шығарып отыр. Ай сайын 54 тонна табиғи сүтті Ресейге жөнелтеді.

Кәсіпкер сүт-тауарлы фермасын кеңейтіп, өнім көлемін ұлғайтуды көздейді. Ол үшін мемлекеттен нақты қолдау күтеді. Ол ауыл шаруашылығын инвестициялық субсидиялау тетіктерін қайта қарау керектігін айтады. Кәсіпкердің ойынша АӨК саласындағы заңға енгізілетін өзгертулер жаңадан құрылған кәсіпорындарды ғана қолдайды.

Марат Итеғұлов, кәсіпкер:

- Оларға қолайлы жағдай жасап отыр, ал біз бұл санатқа кірмейміз. Бізде олар сияқты ет-сүт өнімдерін шығарамыз. Бұрыннан жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерге қиын болады. Дәл қазіргі таңда, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер Үкімтке сенім артып, қолдау күтіп отыр.

Шалғай ауылдағы кәсіпкер шаруасын түзеп алуы үшін палата әр ауданда бөлімше ашады. Билікпен біріге отырып, түрлі жобаларды іске асырмақ. Ал қала кәсіпкерлерін экспортқа өнім шығару мәселесі мазалайды. Өзге елдің нарығына өтудің талаптары оңай еместігін айтады.

Исламбек Салжанов, облыстық  кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы:

- Аймақтық палатаның жанында кәсіпкерлерге қолдау көрсететін орталық ашып жатыр. Заң тұрғысынан, есеп-қисап, маркетинг жағынан қолдау көрсетіп, кеңес берілуде. Сол компания жабылғанша қолдау көрсетеді.

Төлеміс Шотанов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Ауыл кәсіпкерлерінің көбі «Қазагроқаржы» алдындағы қарыздарын өтей алмай отыр. Осы мәселені жан-жақты қарауымыз керек. Шағын және орта бизнесті тексеруге мараторий жарияланды, енді ірі компаниялар да осындай ұсыныспен шығып отыр.

Форум соңында құрылтайда көтерілетін бірнеше ұсыныстар бекітілді. Дуальді оқыту жүйесін дамыту керектігін айтты делегаттар. Ірі кәсіпорындар базасын мамандар дайындауға лайықтап, оқу мен тәжірбиені ұштастыру шарт.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер