astana-view

Интеграциялық үдерістердің тиімділігі

2014 жылғы 16 Мамыр
2734 просмотров

Еуразиялық интеграция аясында Қазақстанның кедендік одақ елдерімен сауда айналымы бүгінде 24 миллиард долларды құрап отыр. Соңғы 5 жылда экспорт көлемі екі есеге артқан. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлім етті. Дегенмен "Doing Business" рейтингі бойынша халықаралық сауда-саттықта еліміз төменгі позицияда тұр. Бұл олқылықты түзеу үшін Қазақстан дайын өнімді сыртқа көптеп шығару қажет. Осы орайда машина жасау саласы қарқынды дамып келеді.

Талғат ДОСКЕНОВ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ПРЕЗИДИУМ МҮШЕСІ:
- 2013 жылы  электр трансформаторын сыртқа шығару 7,4 есеге,  трактор 5,7,  ауыр жүк көлігін тасымалдау - 3,7 есеге өсті. Бұл ретте Кедендік одақтың бізге пайдасы көп. Бірлескен Интеграциялық үдерістердің экономикаға тигізер әсері 2030 жылға қарай 900 миллиард долларға жетуі мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер