astana-view

Мемлекеттік сатып алулар барысындағы жемқорлық пен бұрмалаушылық фактілері тиылмай отыр

2014 жылғы 20 Мамыр
2328 просмотров

Мемлекеттік сатып алулар барысында орын алатын жемқорлық пен бұрмалаушылық фактілері тиылмай отыр. Мәселен, Қорғаныс министрлігі сатып алуды лицензиясы жоқ кәсіпорынға сеніп тапсырған. Осы мәселе бүгін Кәсіпкерлер ұлттық палатасының жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің отырысында талқыланды. Тендерге қатысуға лицензиясы жоқ, Қазақстан аумағында өндірісі тіркелмеген кәсіпорындардың жеңіске жетуі елімізде кең тараған заң бұзушылықтардың қатарына жатады, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер бас қосқан жиында моноқалаларды дамытуға бөлінген қаржыны негізсіз жұмсау, «СТ-КZ» форматындағы лицензиялардың заңсыз айналымы және қаржы мен мүлікті заңдастыру мәселесі де талқыланды. Мамандардың айтуынша, шет елдік қаржы қорларында Қазақстандық азаматтардың 30 триллион долларға жуық қаржысы заңсыз айналымда жүр. Келесі кезекте осы қыруар қаржыны елімізге инвестиция ретінде тарту жоспарланған. 

Талғат Доскенов, ҚР ҰКП басқарма мүшесі: 

Жыл сайын оффшор аймағындағы елдерде 15-30 триллион доллар қаражат айналымда жүреді. Олардың қожайындары белгісіз. Қазақстандық компаниялардың сол қаражаттарын елге қайтарып, ішкі экономикада қолданатын уақыты келді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер