astana-view

Сыбайлас жемқорлыққа және «көлеңкелі» экономикаға қарсы кеңес отырысы өтті

2014 жылғы 20 Мамыр
2369 просмотров

Қазақстанның 138 миллиард теңгесі офшорда жатыр. Осылайша, әлем бойынша ондыққа кіреді екенбіз. Алда қомақты қаражатты елге қайтаруды қолға алу керек.  

Тапқан табысынан мемлекетке салық төлеуден қашқандардың қатарында бай-бағландар да бар. Ол тізімде министр, сенатор, банкирлер мен кәсіпкерлер көп.  

Парламент қабырғасында сан мәрте көтерілген күрмеулі мәселенің түйіні тарқар емес. Сол себепті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан сәуірде құрылған арнайы кеңес аталған мәселені мықтап қолға алмақ.  

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа және «көлеңкелі» экономикаға қарсы кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиналғандар офшордан бөлек, 6 мәселені ортаға салды.

Мемлекеттік сатып алудағы жариялылықтың жетіспеушілігі жіпке тізілді, «СТ-КZ» форматындағы отандық сертификаттың заңсыз айналымы да айтылды.   

Қазыбек Иса, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары:

«СТ-КZ» форматындағы сертификаттарымыз көптеген фирмаларда заңсыз айналымда жүр. Оның көбі енді ашылған фирмалар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер