astana-view

ҚР іскерлік белсенділік көрсеткіші жоғары

2014 жылғы 20 Мамыр
3416 просмотров

2014 жылдың сәуір айын мұның алдындағы аймен салыстырғанда қазақстандағы іскерлік белсенділік көрсеткіші артып, дайын өнімге сұраныс көбейген деп хабарлайды статистика агенттігі. Кәсіпкерлік деңгейін көрсететін индекс негізінен 7 пайыздық пунктке жоғарылағап 16% болды. Биыл шілде айына дейін кәсіпорындардың 57% қаржылық және шаруашылық өзгерістерді бастап өткермек. Қазіргі 16% есеп бойынша ахуал тек 5% жақсарғанын білдіреді. Сарапшылардың бағалуынша, алдағы уақытта жағдайдың өзгеруіне ШОБ ынталандыру бойынша қолдау көрсетілу деңгейіне байланысты болады.

Тимур НАЗХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕР ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
- Бүгінгі күні жеке бизнес ашу қиындық туғызбайды. Бірақ сол бизнесті дамыту екінің бірінің қолынан келе  бермейді. Іскерлікті бастағысы келгендер мұны біле бермейді. Біздің мақсат шағын бизнеске арнайы бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беру. Яғни қаржы рессурстарын қолжетімді ету қажет.мұны біз шағын несие беру ұйымдары арқылы жүзеге асыра алар едік. Өйткені бұл үйе әлем бойынша жақсы дамыған. Сондай-ақ, франчайзинг нарығы да жақсы қарқынмени дамып келеді. Бұл шағын бизнеске өте тиімді яғни аз шығын жасай отырып, істі бастап кетуге мол мүмкіндік береді.

Жақын уақытта елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін 7 млрд долларға жуық қаржы бағытталмақ. Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіндегілер бұл соманың 5,5 млрд. долларын Қазақстан бөлсе, бір жарым милрд долларын Азия даму банкы несие желісі арқылы бөледі. Қаржы толығымен индустралды саясатты дамытуға және шағын орта бизнеске және банк секторын қолдауға бағытталмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер